RU
Ақтөбе облысында танымал журналист тал түсте соққыға жығылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбе облысында танымал журналист тал түсте соққыға жығылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде Алға аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің бас редакторы Шара Тұрмағамбетова соққыға жығылды. Оны кеше түсте подъезінде 18-20 жас шамаларындағы екі жігіт ұрып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: әлеуметтік желі

фото: әлеуметтік желі

Шара Тұрмағамбетова түстен кейін жұмыстан сұранып, үйіне қайтпақ болғыпты. Жұмыс орны Алға қаласында болғанымен, үйі 20-25 шақырым жердегі Бестамақ ауылында орналасқан.

"Подъезге кіре бергенім сол еді, артымнан келе жатқан екі қазақ жігіт "осы, осы" деп, жүгіріп кірді де, басымнан қатты ұрып жіберді.

Жерге құлап түстім. Оларға кейіп жатып, орнымнан тұрғаным сол еді, бетімнен тағы тарс еткізді. Абырой болғанда көрші әйел есігін ашып, айқайлады.

Сол кезде ғана олар кетіп үлгерді. Көршім айтқан кезде барып, мұрнымнан қан кетіп жатқанын байқадым", - дейді ол.

Тұрмағамбетова бұл жайт бойынша дәрігерлік көмекке жүгінбегенін жеткізген.

Бас редактор полицияға да арызданбапты.

Айта кетейік, журналист әлеуметтік желіде белсенді жазба қалдырып, шенеуніктерді жиі сынайды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
12
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel