RU
Көктемді "Хабармен" қарсы ал: Жаңа маусым жаңалықтарға толы болмақ
Жаңалықтар Пресс-релизы

Көктемді "Хабармен" қарсы ал: Жаңа маусым жаңалықтарға толы болмақ

Рассказать Вконтакте

"Хабар" телеарнасы көрермендеріне көктемгі көңіл күй сыйлау үшін қызықты һәм ерекше жобалар әзірледі. Бұл маусым жаңа бағдарламалар, үздік телехикаялар мен тың жаңалықтарға толы болмақ.

фото: Хабар

фото: Хабар

Телеарнаның Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша, наурыз айы жаңару мен жаңашылдық кезеңі.

"Біз осы көктемге ерекше дайындықпен келдік. Көрермендеріміз сүйікті телехикаялар мен бағдарламалардың жалғасын, сонымен қатар бұрын соңды болмаған жаңа жобаларды тамашалайды", - деді Айкүміс Сексенбаева.

3 наурыздан бастап (әр жексенбі, 19.20) көпшілік көрерменнің көңілінен шыққан "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының үшінші маусымы эфирге шығады. Бағдарламаны екі кезеңнің жеңімпаздары Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан жүргізеді. Сонымен қатар жекпе-жекте жеңіп шыққан әнші темір тұлпарға ие болады. Биыл ұйымдастырушылар қатысушылардың танымалдығына емес, ерекше дарынына басымдық берген.

"Осы жолы өзінің вокалдық қабілетімен жұртты, елді таңғалдырып жүрген әншілерді жинадық. Сондай-ақ көптен бері халықтың ортасында орындалмай кеткен әндер "Жұлдызды жекпе-жекте" айтылып, жаңғырып жатады. "Жұлдызды жекпе-жектің" ең бірінші жетістігі де, миссиясы да сол деп ойлаймын", - деді "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова.
фото: Хабар

фото: Хабар

10 наурыздан бастап (әр жексенбі, 12.00) Қарақат Әбілдинамен "Қарақатпен шай" жобасы көрерменге жол тартады. Сұхбат жанрындағы бағдарламада танымал тұлғалардың өміріндегі маңызды, қызықты оқиғалары арқылы бейнесі ашылады. Хабар жүргізушісі Қарақат қонақтардың көпшілігін жақсы таниды, сондықтан әңгіме барысында сырларымен бөлісіп, айтылмай жүрген тақырыптар қозғалады. Бұл теле және интернет шоудың басты ерекшелігі келетін қонақ алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланып, еліміздің түкпір-түкпірінде отырған қолданушылар өз сауалдарын жолдайды. Сондай-ақ сұхбат барысында бағдарламаның әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тіклей эфирге шығып, көрермендер қонақпен тілдесе алады.

14 наурыздан бастап (дүйсенбі-жұма, 19.30) "Өз үйім" телехикаясының екінші маусымы басталады. Естеріңізде болса бұл қазақ эстрадасының жұлдыздарынан жиналған атақты Жұлдызбаевтар отбасының қызықты өмірі туралы туынды. Шаңырақтың әкесі Жұман ата екі ұлды бөлек жіберіп, кенже баласы мен келінін қолына алып қалған. Оларға ауылдан оқуға түсуге туысы Зәуірбек келеді. Тағы көрші үйге Танымаловтар отбасы көшіп келген. Екі отбасының арасында бәсекелестік пайда болып, қызықты оқиғалар әрі қарай жалғаса береді.

фото: Хабар

фото: Хабар

Бұл маусымда Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер, Аша Матай мен Арман Қоңыр, Жазира мен Жанболатқа Нұржан және Гүлшат Тұтовтар, Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова, Еркеш Хасен, Зируза қосылады. Сонымен қатар көптеген қазақ эстрадасының жұлдыздарын сериал барысында көресіздер.

Картина режиссері – Төребек Бейсебаев.

фото: Хабар

фото: Хабар

30 наурыздан бастап "Сені іздеймін" реалити шоуы көрерменге жол тартады. "Тақиялы періштедегі" ұлына жар іздеген Тайлақтың анасы естеріңізде болар. Бұл жобада да ата-аналар балаларына келін табуға ниетті. Хабарға үйленуге жасы келсе де, ынтасы келе қоймаған бойдақ баласына қалыңдық іздеуге кіріскен ата-аналар қатысады. Бұл қазақтың бұрынғы "атастыру" ("айттыру") салтын еске салатын, бірақ, қазіргі заманғы жағдаймен қамтылған бағдарлама болады. Жобаның тағы бір ерекшелігі –еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының алуан түрлілігі көрсетіледі. Түсірілім Шымкент, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтіп, сәйкесінше оңтүстік, батыс өңірлері және үлкен қалалардың той мәдениетінің айырмашылығы сөз болады.

Сондай-ақ көктемгі маусымда "Біздің назарда" бағдарламасын Нұрсұлтан Құрман тізгіндейді. Ал Айгүл Мүкейдің "Давайте говорить" ток-шоуы жаңаша шығады. "Қызық Times", "Тарих. Тағдыр. Тұлға", "Сана", "Бір туынды тарихы" сынды жобалар әрі қарай да жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel