RU
Бірінші наурызға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бірінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін күшіңізді бекер сарқылтпаңыз. Байыппен істелетін оңай шаруалармен айналысыңыз. Жаңа жобаларды бастамаған абзал. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ бірінші наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Бірінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: Kolobok.ua

1. Тоқты

Жұманы тыныш, жақсы көңіл-күйде өткізіңіз. Шешілмеген мәселелерге көңіл-күйіңізге әсер етуіне жол бермеңіз. Күннің екінші жартысы күтпеген оқиғаларға толы болуы ықтимал. Сізді сапарлар, жаңа таныстықтар мен достармен кездесу болуы мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін толассыз ағылған ақпараттың астында қаласыз. Бұл кәсіби ісіңізге немесе жылжымайтын мүлікке қатысты ақпарат болмақ. Алайда бұл жұма жайбырақат өтеді. Таза ауада серуендеуге уақыт тауып, кешкі асыңызға ерекше мән беріңіз.

3. Егіздер

Бүгін кейбір достарыңызбен араласудан біржолата бас тартасыз. Жаныңыз махаббатты аңсаса да, ар-ұят жайында да ұмытпаған абзал. Біреудің қарым-қатынасына араласып, бақытын құртып жүрмеңіз. Қаржы, мансап және кәсіп мәселесінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

4. Шаян

Бүгінгі күн қарбаласқа және сансыз кездесулерге толы болмақ. Күрделі тапсырманы орындайсыз немесе науқас туысыңыздың қалын білуге барасыз. Жеке өміріңізде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Басыңыз бос болса, таныстарыңыздың арасында сізге сезімдерін білдіргісі келгендер табылады. Отбасылы болсаңыз, сүйіктіңізбен уақыт өткізіңіз.

5. Арыстан

Бүгін сыртқы әлемнен оқшаулануды қалайсыз. Ойларыңыз шатасып, отбасылық жанжалдың нәтижесінде көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Күннің екінші жартысында қаржылық істерде жетістікке жетесіз. Қажет емес шығындар жасамай, ақша үнемдеңіз.

6. Бикеш

Бүгін өз жағдайыңызды жасаңыз. Ісіңіз өрге домаламаса, онда одан бас тартыңыз. Оның орнына отбасыңызбен уақыт өткізіп, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кешке сүйіктіңізге қатысты жағымды жаңалық алуыңыз ықтимал.

7. Таразы

Бүгін жұмыс барысында жанжал туындаса, араласпаңыз. Әйтпесе бар қуатыңызды соған сарп етуіңіз мүмкін. Қаржылық және кәсіби жетістіктеріңізге әсер ететін істермен айналысыңыз. Жаңа идеяларға дұрыс баға беріңіз, кейбіреуі бос қиял болуы мүмкін.

8. Сарышаян

Махаббат пен қамқорлыққа бөленесіз. Үнемі басқаларға қамқор болғаныңыз үшін марапатталасыз. Болашақта жетістіктерге жетелейтін жаңа идеялар туындауы ықтимал.

9. Мерген

Бұл күн жайлы және жемісті болмақ. Жобаны іске асыруда басшылықтың қолдауына ие боласыз. Кешкісін сенетін адамдарға шеріңізді тарқатуыңызға болады. Болашақ жоспарларды талқылап, сезімдерді білдіру үшін қолайлы уақыт.

10. Тауешкі

Кейбір келеңсіздіктер жоспарларды жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін. Болашақ жоспарларыңызды әріптестеріңізге айтпаңыз және танымайтын адамдарға жеке өміріңізге қатысты ақпарат бермеңіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Бұл кәсіби істерді аяқтауға кедергі келтіріп, әріптестеріңізбен тіл табысуда қиындықтар тудыруы мүмкін. Бүгін шығармашылықпен айналысу үшін қолайлы күн. Жатын бөлмесі немесе қонақ бөлмесінің дизайнын өзгертіп, жаңа жиһаз алуыңызға болады.

12. Балықтар

Біреудің қолдауын күтпей, тәуелсіз болуға тырысыңыз. Бұл кеңес жеке өміріңізге де, мансабыңызға да қатысты. Ескі досыңыз, туысыңыз немесе жаңа танысыңыз көмек сұрауы мүмкін. Бас тартуға асықпаңыз, көп ұзамай сізге де көмек қажет болуы мүмкін. Кешкісін қызықты шараға қатысуға ұсыныс алуыңыз мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel