RU
Ақтөбеде 13 жастағы қызын зорлаған азғын әкеге іздеу жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 13 жастағы қызын зорлаған азғын әкеге іздеу жарияланды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің 36 жастағы тұрғыны туған қызын екі жылдан аса уақыт зорлап келген. Қазір полицейлер 13 жастағы қызын зорлаған азғын әкеге іздеу жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 13 жастағы қызын зорлаған азғын әкеге іздеу жарияланды

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ең сұмдығы аса ауыр қылмыс жасөспірімнің үйінде болған.

2006 жылы туған қыз бала әкесінен қорқып, көрген қорлығын ешкімге тіс жарып айтпаған.

"Ақтөбе облыстық полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған 1983 жылы туылған Ахметов Ермек Серікбайұлына іздеу салады",- деп жазылған ел арасына таратылған хабарландыруда.

Ер адамның сипаттамасы: бойы шамамен 170-175 сантиметр, қара шашты, беті сопақша келген, дене пішіні орташа.

Ол үстіне қара сызықты көк күрте мен көк түсті спорттық шалбар, спорттық аяқ киім киген.

Ақтөбе облысының қылмыстық полиция департаменті ер адамға қатысты қандай да бір ақпарат білген жандар төмендегі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: +777156 94 88, +7776546 66 66, (7132) 93 62 25, 98 65 12.

Сіздің реакцияңыз
11
8
32
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel