RU
Қазақстандықтар Лондонның қымбат тұрғын үй кешенінен пәтер алуды сәнге айналдырған

Қазақстандықтар Лондонның қымбат тұрғын үй кешенінен пәтер алуды сәнге айналдырған

Рассказать Вконтакте

Лондон қаласындағы «Милбанк Резиденс» деп аталатын қымбат тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің он пайызын қазақстандық байлар сатып алған. «Лондон Дом» жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын компанияның өкілі осындай ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды Astana арнасы.

Қазақстандықтардың Лондоннан жылжымайтын мүлікті сатып алулары жиілеген

Фото: berkeleygroup.co.uk

Компания өкілдері өткен жылы Лондонда жылжымайтын мүлік алған бай-бағландардың есімдерін атаудан бас тартқан.

Дегенмен отандық кәсіпкерлер элиталық үйлерді отбасылары мен Ұлыбритания астанасында білім алып жүрген балаларына сатып алатын көрінеді. Аталған тұрғын үй кешені Ұлыбритания парламенті, Букингем сарайы мен патша саябағы сында маңызды ғимараттарға жақын орналасқан екен.

"Лондон дом" компаниясының өкілі Денис Клемчуктің сөзінше, қазақстандық ауқаттылар бір немесе төрт жатын бөлмесі бар орта пәтерлерге таңдау жасайды. Ондай үйледің бағасы бір миллионнан бастап 44 миллион фунт стерлингке дейін жетеді екен.

"Жуырда Лондондағы тарихи ғимараттардың бірін тұрғын үйге айналдырған құрылыс компаниясымен жұмыс бастадық. Өткен аптада оны саудаға шығардық. Қазір Астана мен Алматы қалаларында сатып алушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Биыл да пәтерлердің он пайызын отандастар сатып алады деген болжам бар", - деді Денис Клемчук.

Риэлторлық компания қазақстандық ауқаттыларға 85 пәтердің жобасын алып келіпті. Одан тыс қалтаға қатты салмақ салмайтын арзандау пәтерлер де таныстырылады екен.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel