Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев: Полицейлер аттестациядан өткенше ескі формамен жүреді

Опубликовано:

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сақшылардың қызметтік формасын ауыстыру неліктен кейінге қалдырылғанын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

форма
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: patrul.kz: UGC

Министрдің айтуынша, жұмыс киімді жаңартпас бұрын аттестацияны өткізіп алу керек екен.

"Форманы кейінге қалдырдық. Біздің бірінші міндет – аттестацияны өткізу. Содан кейін – қысқарту есебінен жалақыны көтеру. Тек осыдан кейін ғана форма мәселесіне ораламыз. Киімнен бұрын, қызметкерлердің құрамы маңызды", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол полицейлердің аттестациясы екі айдан кейін өткізілетінін атап өтті.

Айта кетсек, Қазақстан полициясына жаңа форма кигізуді экс-министр Қалмұханбет Қасымов ұсынған еді. Соңғы рет тәртіп сақшыларының қызметтік киімі 2005 жылы өзгерген.

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып осы жылдың ақпанында тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781329-trgymbaev-policejler-attestaciadan-tkense-eski-formamen-zredi/

pixel