Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досхан Жолжақсынов әйел болуға құмар актер жігіттерді сынап тастады

Опубликовано:

Елімізге танымал театр және кино актері Досхан Жолжақсынов әйел образын сомдауға құмар ер азаматтарды сынап тастады. Халық әртісі әйелдің киімімен сахнаға шығатындарға шүйлікті деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Досхан Жолжақсынов, Нұртас Адамбай, Ерболат Төлеген. Фото: Жұлдыздар отбасы, Gakku, KazVIP.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Досхан Жолжақсынов, Нұртас Адамбай, Ерболат Төлеген. Фото: Жұлдыздар отбасы, Gakku, KazVIP.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Актердің айтуынша, нәзік жандылардың киімін киіп сахнаға шығу - өнер емес.

"Еркек - әйел болады. "Ойбай, мынау" деп бір күлеміз. Ересек азамат, тепсе темір үзеді. Оған тракторда не болмаса экскаваторда отыру керек. Көмір қаздыру керек.

Ал ол әйелдің киімін киіп, сахнаға ұялмай шығады. Олар мұны өнер деп ойлайтын болу керек. Бұл – өнер емес!

Тұңғышбай ағаң да, Құдайберген ағаң да, Лидия тәтең де, соның ішінде біраз актерларымыз бар. Барлығы ізденді. Ол іздеу жолы болатын", - деді Досхан Жолжақсынов.

Ал кемпірдің образымен сахнаға шыққан Ерболат Төлеген (Шімән апа) мен Нұртас Адамбай аға буынның сөзімен келіспейтіндерін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781338-doshan-zolzaksynov-jel-boluga-kmar-akter-zigitterdi-synap-tastady/

pixel