RU

Астанада тұрғын үйде өрт болып, бес адам ауруханаға жеткізілді

Астанада өткен түні өрт болып 11 адам зардап шеккен. Олар өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бес тұрғын ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан "Камал-4" тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.

Қызыл жалын тұрмыстық заттар және балконның өртке орануынан басталыпты.

Мамандар өртті 22:46-да ауыздықтап, 22:58-де толықтай сөндірген.

Өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.

Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 23 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1781344-astanada-trgyn-jde-rt-bolyp-bes-adam-auruhanaga-zetkizildi.html