Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесінші баласы дүниеге келген әзілкеш 21 мыңнан үмітті екенін жасырмады (видео)

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын ұлды болған актер Мадияр Серікбаевтың 21 мың теңге жәрдемақыға қатысты әзілі жұртты күлкіге қарық қылды. "Өнер қырандары" театрының басшысы келіншегі мен бесінші баласын перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің қуанышын көпшілікке актер Мелс Наурызбеков Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Мәке, құтты болсын! Бауы берік болсын! Бесінші бала ғой? 21 мыңға ілігіп тұр екенсіз ғой", - дейді ол қалжыңдап әріптесіне.

Ал Мадияр болса әріптесінің сөзіне әзілмен жауап қайтарған.

"Аллаға шүкір! Сонша тырысқанымызда бермей қоймаса болды. Анау-мынау, айлығың демесе болды", - деп күлді актер.

Естеріңізге сала кетейік, Мадияр Серікбаев пен жұбайы Дана Тұрарбек бүгінгі таңда үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781354-besinsi-balasy-dniege-kelgen-zilkes-21-mynan-mitti-ekenin-zasyrmady-video/

pixel