Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қысым көрсетті": Үш рет тұрмыста болған Айнұр Нұрсейітова ағынан жарылды

Опубликовано:

Қазақстандық модель, екі баланың анасы әрі үш мәрте тұрмыста болған Айнұр Нұрсейітова өзінің ажырасуы мен жеке өміріне қатысты бар сырын cosmo.kz сайтына берген сұхбатында ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram жұлдызы өзінің асқан танымалдылығын жеке өміріндегі сәтсіздіктерге себепкер деп есептемейді.

Ол бірінші некесінде мүлде танымал болмай, үлгілі келін болғанын жеткізді.

"Үнемі үйде отырып, тіпті өз әпкелеріммен араласпадым. Торда өмір сүрдім десе де болады. Мен мұның бәрі дұрыс деп санап, шыдап бақтым. Үш жыл өткен соң ол менің көзіме шөп салғанын біліп, ажырасуға бекіндім" , - деп есіне алды Айнұр.

Арудың екінші жұбайы оны өзіне сай етіп өзгертуді мақсат етіп, әйелін барынша билеп-төстеуге тырысқан. Оған қоса, ер адам оған психологиялық түрде қысым көрсетіпті.

"Екінші жолдасым мені "жоқ қылды" десем болады. Әлеуметтік желілерде отырмай кеттім. Ол менен тіпті тегімді тартып алды. Айнұр Нұрсейітова ешкімге керек болмай қалған соң, оған да қажетім болмай қалды.

Мені неғұрлым көп басынған сайын, теріс айнала берді. "Не үшін" деп сұрағанымда ол менен осылайша кек алып жатқанын айтты. Ол менің артымнан ұзақ жүгіргені үшін осылай жасағанын мойындады.

Ол мені және менің мінезімді өзгертуден ләззат алды.

Алайда, маған ұлымнан бас тартуымды талап еткенде, менің шыдамым шегіне жетті. Біздің ажырасуымыз қиынға соқпады. Себебі, ортақ баламыз болған жоқ" , - деп бар шындығын айтты Айнұр.

Жас ана өзінің аңқаулығы мен әрекет етуге асығыстық танытатынын басты қателігі ретінде айтады. Ол өз шешімдерін үнемі сезім арқылы өткізетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781390-kysym-krsetti-s-ret-trmysta-bolgan-ajnr-nrsejitova-agynan-zaryldy/

pixel