Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Луина өзін жалаңаш образдары үшін сынаған көпшілікке жауап қайтарды

Опубликовано:

Отандық белгілі әнші Луина өзін жалаңаш образдары үшін қатаң сынға алатын көпшілікке жауап қайтарды деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Луина. Фото: Әншінің жеке парақшасынан
Луина. Фото: Әншінің жеке парақшасынан: Instagram

Әнші суретке түсу өзінің сүйікті ісі екенін алға тарта келе, кез-келген образдан бас тартпайтынын айтты.

"Меніңше таңқалатын түгі жоқ. Біз өнер адамымыз. Өз образымызды ойдағыдай алып шығу міндет. Мәселен "Максим" сынды журналдарға жалаңаштанып суретке түсуге де болады. Себебі, ол басылымның талабы. Әр фотоссесияның өз тақырыбы болады", - дейді Луина.

Естеріңізге сала кетейік, Луина биылғы жылдың ақпанында азаматтық некедегі продюсері Жомарт Сүлейменовпен қарым-қатынастарын тоқтатқанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ, әнші кеудесіне пластикалық ота жасатып, төсін үлкейтіп алды.

Луинаның әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781402-luina-zin-zalaas-obrazdary-sin-synagan-kpsilikke-zauap-kajtardy/

pixel