Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы қызды алып қашып, полицияның көзінше өлтірген жігітке үкім шықты

Опубликовано:

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы мемлекеттік сот Бурулай Турдаалықызының өліміне қатысты шыққан үкімді күшінде қалдырды. Бұл туралы Kaktus.media-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kaktus.media, azattyk.org. Коллаж NUR.KZ
Фото: kaktus.media, azattyk.org. Коллаж NUR.KZ: Facebook

Қызды полицияның көзінше өлтірген айыпталушы Марс Бодошев 20 жылға темір торға тоғытылды.

Қылмыскермен бірге Бурулайды алып қашқан серігі Акмат Сеитов жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сот Бодошевтің үстінен қыздың жақындарына 800 мың сом метариалдық және моральдық шығын төлеу туралы үкім шығарды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 27 мамырында Қырғызстанның Шу облысында ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызын алып қашқан жігіті пышақтап өлтірген.

Бұл оқиғаға Біріккен Ұлттар Ұйымы да назар аударды.

Бішкек соты айыпталушы Марс Бодошевтің кінәсі толығымен дәлелденгенін растады. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1781408-19-zastagy-kyzdy-alyp-kasyp-policiany-kzinse-ltirgen-zigitke-kim-sykty/

pixel