RU

Қазақстандықтар үшін Түркияда демалып қайту қымбаттамақ

Қазақстандықтар үшін Түркияға барып демалу қымбаттай түседі. Оған туристік агенттіктерде төлем валютасының ауыстырылуы себеп болмақ. Енді бағалар доллардың емес, еуроның есебінен орнатылатын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: yandex.com
Фото: yandex.com: Twitter

"Туристік Қамқор" корпоративтік қордың баспасөз қызметі валютаның ауысуы салдарынан өзге елге турлардың бағасы 10-20%-ға қымбаттайтынын мәлімдеді.

Турды теңгемен төлеу мүмкіндігі сақталады. Алайда, сомма бәрібір еуроға аударылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы шетелге шығып демалған 343 мың қазақстандықтың 148 мыңы Түркияға барған.

Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті Инна Рей Наурыз мейрамы қарсаңында ұшақпен ұзақ ұшпайтын бағытты таңдауға кеңес берді.

Ол Наурызды жақсы қарсы алуға болатын мемлекет ретінде Өзбекстанды таңдады. Ал Қазақстанда бұл мерекені Шымкентте тойлаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781416-kazakstandyktar-sin-trkiada-demalyp-kajtu-kymbattamak.html