RU
Тараздағы жарылыстан зардап шеккендердің кім екені анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Тараздағы жарылыстан зардап шеккендердің кім екені анықталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Тараздағы тұрғын үйде жапа шеккендердің толық тізімін жариялады деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тараздағы жарылыс: Жәбірленгендердің толық тізімі шықты

Фото: NUR.KZ

Ведомствоның мәліметінше, 27 ақпан күні газ жарылуынан тоғыз адам жәбірленген. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмса, төртеуі ауруханаға жеткізілген. Екі адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.

Басқарманың ақпаратынша, бірінші наурыздағы мәлімет болйынша 1954 жылы дүниеге келген әйел адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Күйік ауруы мен шок кезеңінің әсері бар. Қазіргі таңда шокқа қарсы ем мен анктибактериалды терапия жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккен тағы бір адам - 2000 жылы туған қыз. Ол №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілген. Науқастың миына компьютерлік томография жасалды. Оның нәтижелері бойынша аруда ешқандай ауытқушылық жоқ.

Зардап шеккен үшінші тұрғын 1972 жылғы әйел адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Келіншек травматология бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасына түскен қыз балаға қатысты ақпарат жарияланған. Тергеу амалдарының нәтижесінде, оның 1987 жылғы Төлегенова Аида екені анықталды (алғашқыда оны 2001 жылы туған Арапбек Айжан деп есептеген).

28 ақпан күні оны №1 қалалық ауруханаға ауыстырды. Науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Еске сала кетейік, 27 ақпан күні Таразда тұрғын үйде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан тоғыз адам зардап шеккен. Қайтыс болды деп есептелінген Төлегенова Аида аман болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel