RU
Астанадағы өрт: Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанадағы өрт: Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты

Рассказать Вконтакте

Құтқарушылар Астанадағы "Қамал-4" тұрғын үй кешенінде болған өрттің мән-жайын айтты. Сондай-ақ, олар оқыс оқиғаның алдын-ала себебін де мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Астана ТЖД

Фото: Астана ТЖД

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті ақпараты бойынша өрт Бұқар жырау көшесіне орналасқан үйдің төртінші қабатында басталған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минуттан кейін жеткен. Бұл уақытта пәтерде жиһаз, киімдер мен 15 шаршы метрді құрайтын балкон жылытқышы жанып үлгерген екен.

Артынша түтін үй қабаттарына тарап, шығу жолдары жабылып қалыпты. Осылайша, адам өміріне қауіп төнген екен.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды автобаспалдақ арқылы тысқа шығарған. Осылайша, олар 25 адамды құтқарып, жарты сағаттың ішінде алауды тоқтатыпты.

Құтқарушылардың сөзінше, төтенше жағдай электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болуы мүмкін.

Айта кетейік, Астанадағы өрттен бес адам зардап шекті.

Фото: Астана ТЖД

Фото: Астана ТЖД

Sputnik Қазақстан мәліметіне қарағанда, елордалық денсаулық сақтау басқармасына медицианлық көмек алу үшін 10 адам жүгінген. Олардың бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған екен.

Қазіргі уақытта ауруханаға жеткізілген балалардың үшеуі амбулаториялық емдеуге жіберілген. Ал екі адам улы газбен уланған деген диагнозбен ауруханада жатыр

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel