Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны ер адамды пышақпен ұрып, көлігін айдап әкеткен

Опубликовано:

Ақтау тұрғыны ер адамға пышақ жарақатын салып, артынан зардап шеккен азаматтың көлігін айдап кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен бұзақыны тәртіп сақшылары тұтқындап, оны уақытша тергеу изоляторына тоғытқан. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Информ-UA
Фото: Информ-UA: UGC

Оқиға 25 ақпан күні орын алған. Ақтаудағы полиция бөлімшесіне ер адамға пышақ жарақаты жасалғаны жөнінде хабар келіп түскен.

Шабуылдан зардап шеккен адам бірден Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Қала полициясы жүргізген жедел іздестіру шарасы аясында оқиғаға қатысы бар күдікті тұтқындалды. Ол зардап шеккен азаматтың көлігімен қашып бара жатып, бірнеше автокөлікке соқтығысқан. Ер адамның қатысуымен болған жол апаты нәтижесінде әйел адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Ақбота паркінің қасында болған.

"Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 192 бабының екінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тағайындалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылған" , - деді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781445-aktau-trgyny-er-adamdy-pysakpen-ryp-kligin-ajdap-ketken/

pixel