RU
Денис Тенді өлтіргендердің апелляциялық шағымы қашан қаралатынын белгілі болды

Денис Тенді өлтіргендердің апелляциялық шағымы қашан қаралатынын белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Денис Тенді өлтіргендер тағы да сот алдында жауапқа тартылады. Бұл жолы іс апелляциялық шағым бойынша қаралады деп хабарлайды Алматы қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Денис Тенді өлтіргендердің аппеляциялық шағымы қашан қаралатынын белгілі болды

Фото: NUR.KZ

Денис Тенді өлтіргендері үшін сотталған Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаеваның апелляциялық шағымдары 2019 жылдың 17 қаңтар күні қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотқа түскен болатын.

Сот отырысы 13 наурыз күні сағат 15.00 Алматы қалалық сотында өтеді.

Еске сала кетейік, Оксана Теннің сот үкіміне шағымданатынын айтқан болатын.

Денис Тенді өлтіргендері үшін Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Ал қылмысты жасырып қалғаны үшін айыпталған Жанар Толыбаева төрт жылға түрмеге қамалған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel