RU
Сағынтаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі барысында партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, оның құрамына Сағынтаев та кірген болатын.

Еске сала кетсек, президент үкіметті отставкаға жібергенше, Бақытжан Сағынтаев елдің премьер-министрі болды.

Ал мемлекеттік хатшы қызметін жаңа үкімет басшысы Асқар Маминнің орынбасары атанған Гүлшара Әбдіхалықова атқарған еді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel