Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатына ұшыраған әйелге дәрігерлер жүкті екен деп, кесер тілігі жасаған

Опубликовано:

Англияның Линкольн қаласында жол-көлік апатына ұшыраған Адель Барбурды дәрігерлер жүктіліктің соңғы айларында деп ойлап, кесер тілігін жасаған. Алайда әйел адам жүкті болмай шыққан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбританияда жол апатына ұшыраған әйел адамды дәрігерлер жүкті екен деп, кесер тілігі жасалған
Фото: facebook/Adele Barbour: Facebook

Адель апатқа Линкольн қаласында ұшыраған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйел адамды көліктен шығарған кезде, ол арқасы ауырып жатқанына шағымданған. Содан кейін Адельде жүрек талмасы басталған.

Алғашқы көмек көрсеткен медицина қызметкерлері оның үлкен ішін байқап, әйелді жүктіліктің соңғы айларында деп ойлаған. Ол кезде әйел адам ес-түссіз жатқан екен.

Ақ халаттылар шұғыл түрде кесер тілігін жасауға шешім қабылдаған. Алайда ота кезінде Адель жүкті болмағаны анықталған.

Әйел адам бала кезінде омыртқаның жайылуы ауруына шалдыққан. Ол ауру емделгенімен, ем-шаралар нәтижесінде оның іші үлкейіп, жүкті әйелдің ішіне ұқсайтын болған.

Алайда Адель ауруханада көз жұмған. Дегенмен оның қайтыс болуына апат кезіндегі жарақаты себеп болған.

"Оны құтқару үшін бәрі жасалған. Бірақ жарақаттары өте ауыр болғандықтан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деді коронер Марианна Джонсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1781496-zol-apatyna-syragan-jelge-drigerler-zkti-eken-dep-keser-tiligi-zasagan/

pixel