Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "судьялар үшін" деп ақша жинаған жігіт сотталып кетті

Опубликовано:

Шымкентте клиенттерден "судьялар үшін" деп ақша жинаған адвокат көмекшісі бас бостандығынан айырылды. Қаратау аудандық сотында Шымкенттегі адвокаттар кеңсесінде көмекші боп жұмыс істеген 31 жастағы жігітке қатысты сот үкімі оқылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: knews.kg
Көрнекі фото: knews.kg: Depositphotos

Тергеу кезінде анықталғандай, сотталушы адвокаттың көмекшісі қызметін, клиенттердің құқықтық сауатсыздығын пайдаланып құзыреті жетпейтін құқықтық қызметтері үшін аса ірі мөлшерде ақша жинап алған.

Сотталушының алаяқтық іс-әрекеттерінің нәтижесінде сотта жеңіліс тапқан клиенттерден ол тайсалмастан төлемге тағы қосуды сұраған.

"Облыстық немесе қалалық сот судьялары үшін" деген сылтаумен әбден алдарқатуынан шаршап, шикілікті сезген клиенттер соңында адвокаттың көмекшісінің үстінен ҰҚКД-ға шағым түсірген.

Сотталушы қылмыс үстінде яғни аса ірі көлемдегі ақша алу үстінде құрықталған.

Сот тергеуі кезінде сотталушы өз кінәсін ішінара мойындаған. "Судьяларға ақша апарып беремін дегенім жоқ. Алған қаражатты тек өз қажеттілігім үшін жұмсау үшін алдым", - деп жауап берген ол.

Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахменбердінің мәліметінше, сотталушы ҚР ҚК-нің 190 бабы 2-ші бөлігі, 2-ші тармағымен, 367 баптың 3-ші бөлігі, 3-ші тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар қандай да бір құқықтық қызмет атқарудан 10 жылға шеттетілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781504-symkentte-sudalar-sin-dep-aksa-zinagan-zigit-sottalyp-ketti/

pixel