Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты жыл бойы ота күткен ер адам сүйіктісі мен жұмысынан айырылып қалды

Опубликовано:

Шотландияның 40 жастағы тұрғыны Дон Райт алты жыл бойы мойнындағы ісікті алатын отаны күтіп, сүйіктісінен де, жұмысынан да айырылды деп хабарлайды med.news.am сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алты жыл бойы ота күтіп, сүйіктісі мен жұмысынан айырылған ер адам жанайқайын жеткізді
Көрнекі фото: healthfemale.ru: Facebook

Дон дүниеге келгенде мойнында қатерсіз ісік болған. 21 жасқа толғанда ол ісікті алдырып тастауға бел буған. Алайда дәрілерлер ісіктің тек жартысын алған.

2012 жылы Дон ісіктің ұлғая бастағанын байқайды. Ер адам ауруханаға барғанда, емдеуші дәрігер оны пластикалық хирургқа жіберіпті. Алайда дәрігер оны тек 2015 жылы қабылдапты.

"Дәрігерге барған сайын ол отаны қаржыландыруда түсінбестік орын алғанын айтып, мені қайтарды", - дейді Дон.

Оның сөзінше, өзі депрессияға шалдығып, үнемі жабыраңқы көңіл-күйде жүрген. Сондай-ақ ісіктер жағымсыз иіс шығып, ұйықтаған кезде жастық былғанатын болған.

"Бір уақытта сүйіктімнен де, жұмысымнан да айырылдым. Бұрын аптасына бірнеше рет клуб пен мейрамханаға баратынбыз. Бірақ мен қоғамдық орындарға шықпайтын болдым. Сүйіктім бұдан шаршады", - дейді Дон.

2016 жылы Донға қан тамырларын бұғаттау шарасын өткізіп, отаға дайындауға тиіс болған, алайда 2017 жылы да, 2018 жылы да бұл шара жасалмаған. Науқас әлі де отаны күтуде.

Батыс БАҚ-ның мәліметінше, Шотландия үкіметі науқас аурухана қызметіне жүгінген күннен бастап үш ай ішінде емдік шаралар көрсетілуіне кепілдік береді. Келесі үш айда емдеу жүргізілуі тиіс.

Ал Дон емделген аурухананың дәрігерлері оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартып, науқаспен тікелей байланысуды уәде еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1781510-alty-zyl-bojy-ota-ktken-er-adam-sjiktisi-men-zmysynan-ajyrylyp-kaldy/

pixel