RU
Баланы өрттен құтқарып алған күзетшінің ерлігіне жұрт риза болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Баланы өрттен құтқарып алған күзетшінің ерлігіне жұрт риза болды

Рассказать Вконтакте

Астанадағы тұрғын үйде өрт болып, 11 адам зардап шекті. Бақылау камерасына күзетшінің баланы құтқарып қалған сәті түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр, фото: Астана ТЖД

Видеодан кадр, фото: Астана ТЖД

Видео Facebook парақшасында пайда болды.

Кадрдан баланы көтеріп түсіп бара жатқан ер азаматты байқауға болады.

"Камал-4" тұрғын кешенінің күзетшісіне баланы өрт болып жатқан пәтерден алып шыққаны үшін алғыс айтамын. Баланың ата-анасы сол уақытта жұмыста болып, күзетшіден құтқарып алуын сұрады", - деп жазылған жазбада.

Tengrinews порталының хабарлауынша, күзетшінің аты-жөні Мади Раушанов. Ол 22 жаста.

Күзетші өрт кезінде екі баланы құтқарған. Оның айтуынша, 4 қабатта түтіннің арасында тұрған баланы байқапты. Жүгіріп шығып, оны құтқарып алған. Содан кейін тағы бір баланы өрттен аман алып қалыпты.

Еске сала кетсек, кеше түнде Астанада тұрғын үйде өрт болып, бес адам ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар төтенше жағдай электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болуы мүмкін екенін жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel