RU
Балықшы ерекше жаратылыс иесін ұстап алды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Балықшы ерекше жаратылыс иесін ұстап алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Аустралия тұрғыны Ти Хокин Какаду ұлттық саябағының маңындағы өзеннен балық аулап жүріп, сырт келбеті өзгеғаламшарлыққа келетін ерекше жаратылысты ұстап алды. Бұл туралы trinixy.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: trinixy.ru

Фото: trinixy.ru

Балықшының айтуынша, ұзындығы 15 см болатын балықтың аузы үлкен, тісі көп екен.

"Оның басы мен денесі ерекше. Жыланбалыққа келеді. Ол тірі сияқты көрінбеді. Жыбырлап, қозғалған жоқ", - деді Ти Хокин.

Ихтиолог Морган Гранттың сөзінше, Хокин Amblyopinae тұқымдастарына жататын жыртқыш балықты ұстап алған. Оның өкілдері Тынық пен Үнді мұхиттарының жағалауындағы өзен сағаларында тіршілік етеді.

Ол бірнеше түрі Аустралияда кездесетінін айтты. 

"Олардың көзі толық дамымаған, сол себепті терімен жабылған. Олар лайлы суларда тіршілік етеді. Шабуыл кезінде олар көзіне емес, сезім түйсігіне сенеді", - деді маман. 
Сіздің реакцияңыз
1
3
6
0
6
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel