RU
Павлодарда алаяқ емшіге 1 млн 200 мың теңге берген тұрғын сан соғып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда алаяқ емшіге 1 млн 200 мың теңге берген тұрғын сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар тұрғыны Айтжамал Қуанышбаева кенет сырқаттанып қалған қызына медицина мамандары диагноз қоя алмағандықтан, тәуіпке жүгінуді жөн санаған. Ресейлік емшіні іздеп тапқан әйел оған 1 млн 200 мың теңге аударады. Алайда мүгедек қызды аяғынан тік тұрғызуға уәде берген емші ұшты-күйлі жоғалған деп жазады КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Арада үш жыл уақыт өткенімен алаяқ емші әлі күнге табылмаған.

Айтжамал Қуанышбаеваның Айсұлу есімді қызы бет-жүзі қисайып, денесінің оң жақ сіңірлері тартылып қалуына байланысты өзі қозғала алмайды. Ал 39 жастағы әйелді екінші топтағы мүгедектердің қатарына қосқан дәрігерлер оған ақыры диагноз қоя алмаған.

"Астанадағы нейрохирургиялық орталыққа апардық. Қомақты ақшаны төледік. Дәрігерлер диагнозды тауып, аурудың себебін анықтаймыз деген. Бірақ көмектесе алмады", - деген әйел дәрігерлерден үмітін үзіп, емші-тәуіпті жағалай бастайды.

Қуанышбаева бір күні теледидардан ресейлік емшіні көріп, сонымен байланысқа шығады. Ал емші әйел ақшаны тез арада салу керектігін айтыпты.

"Ақшаны тез арада салмасаңыз қызыңыз өліп қалуы мүмкін деп қорқытты. Тіпті, кейін бұл дерт тұқым қуалайтын ауру болады, сіздерді дуалап тастайды деді. Бұл сөздерден соң немерем үшін де, қызым үшін де қорқа бастадым", - деп болған оқиғаны баяндаған павлодарлық әйел сегіз ай ішінде емшіге 1 млн 600 мың теңге ақша аударған.

Ал полицияның мәліметінше, емші әйел мен көмекшілеріне іздеу жарияланған.

"Бүгінгі таңда бұл жайтқа қатысы бар деген күдіктілерге іздеу жарияланған. Бұған қоса, ратификацияланған шартқа сәйкес Ресей Федерациясына заңдық көмек көрсетілуі үшін халықаралық өтініш жолданды. Әзірге ол жақтан еш жауап жоқ", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel