RU
Владимир Смирнов: Алексей Полторанин бүкіл елді масқаралады
Жаңалықтар Спорт

Владимир Смирнов: Алексей Полторанин бүкіл елді масқаралады

Рассказать Вконтакте

1994 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов шведтік Expressen.se басылымына сұхбат беріп, допингпен ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алексей Полторанин. Фото:prosports.kz

Алексей Полторанин. Фото:prosports.kz

Оның айтуынша, спортшы қазақ елін масқаралаған.

"Маған бұл жаңалықты есту оңайға соқпады. Ол соңғы он жылдағы жаңалықтарды біле отырып, қателік жіберді. Барлығы қазір көпшіліктің допингке деген көзқарасын біледі. Мұны ақымақтық деу өте аз. Бүгінде допинг туралы ойлауға да болмайды. Ол даулы оқиғаларды қалай естімеді? Бұл кешірілмейтін қателік.

Мен соңғы екі жылда Алексеймен жиі сөйлестім. Оны жақсы білемін. Бұл уақытта мен Швецияда жұмыс істеп жүр едім. Мен оның барлығын білетін ақылды азамат екеніне сенімді едім. Оның спорттағы соңғы жаңалықтардан хабардар екеніне күмәнім болмаған. Ол осы істің артында не күтіп тұрғанын білді.

Неге сенерімді де білмеймін. Не істейтінімді білмеймін. Ол елімізді масқаралады. Бұл күн - Қазақстанның шаңғы қауымдастығы мен спортшылар үшін қаралы күн болды", - деп айтты Смирнов.

Айта кетейік, Алексей Полторанин 28 ақпан күні Австрияда допинг қолданғаны үшін ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel