RU
"Қорада" тұрып жатырмыз: 25 жастағы бойжеткен неліктен жігітпен кездесуге ұялатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қорада" тұрып жатырмыз: 25 жастағы бойжеткен неліктен жігітпен кездесуге ұялатынын айтты

Рассказать Вконтакте

25 жастағы қазақ қызы ата-анасымен қирағалы тұрған үйде тұратынын айтты. Тұрмыс жағдайы төмен бойжеткен осы үшін жігіттермен кездесуге ұялатынын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:killerprone.wordpress.com

Фото:killerprone.wordpress.com

Жас қыздың айтуынша, ол маскүнем әкесі мен отбасындағы кикілжіңнен шаршаған.

"Ауыр жұмыс, маскүнем әкеммен арадағы жанжалдан жеке өмірім жоқ. Ақша да жетіспейді. Жасым болса 25-те. Ашығын айтқанда, ата-анаммен "қорада" тұрып жатырмын. Жеке жер үйіміз бар. Ол мүлдем қоршалмаған. Әрі үйдің ішіне дұрыс жөндеу жүргізілмеген.
Мен жігіттермен кездесуден қашып жүрмін. Себебі, үйімнен ұяламын. Барлық жігіт қызды үйіне дейін шығарып салады ғой", - дейді ол.

Сондай-ақ бойжеткен әкесіне арақ пен теледидардан басқа ештеңе қажет емес екенін ашына айтқан.

"Әкем арақ ішеді. Ол менің тұрмысқа шығатынымды ойлаймайды.  Күйеу жігітті қалай үйге кіргіземін? Үйдің шаруасы анам мен менің мойнымда. Біз барлығына жауап береміз. Екеуміздің жалақымыз 80 мың теңге. Ол ақша неге жетеді? Анам бұрыннан үйден кетіп қалғысы келетінін айтады. Бірақ баратын жері жоқ", - дейді жас қыз.
Сіздің реакцияңыз
8
0
2
41
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel