RU

Алматы облысында бір отбасының жеті адамы газдан уланып қалды

Алматы облысында бір отбасының жеті адамы иісті газдан уланып қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:primamedia.ru
Фото:primamedia.ru: Instagram

Оқыс оқиғадан отбасының 57 жастағы тұрғыны қайтыс болған.

"2 наурыз күні Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы жер үйде пештің дұрыс жанбауынан жеті адамға иіс тиіп, уланып қалған. Олардың арасында 2013 және 2018 жылы туған балалар бар", - делінген хабарламада.

Жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы туған ер адам көз жұмған. Төтенше оқиғадан зардап шеккен қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың иіс газынан уланып қалуының басты себебі - мұржаның күлге толып, бітеліп қалуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781562-almaty-oblysynda-bir-otbasyny-zeti-adamy-gazdan-ulanyp-kaldy.html