RU

Оралда сауда орталығының шатырындағы мұз 30 жастағы әйелдің басына құлады

Оралда сауда орталығының төбесіне жиналған мұз жүргіншінің басына құлаған. Екі қабатты мекеме шатырынан түскен мұздан жараланған 30 жастағы әйелді ауруханаға жеткізген деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Life.ru
Фото:Life.ru: Instagram

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының мәліметінше, жедел жәрдемге 12:50-де келіп түскен.

"Тұрғын жабық бас-ми жарақатын алуы мүмкін" деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Облыстық көпсалалы ауруханада медициналық тексерістен өткеннен кейін ол үйіне жіберілді", – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, дәл сол күні Аманжолов көшесіндегі көпқабатты үйлердің шатырынан да қар құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781566-oralda-sauda-ortalygyny-satyryndagy-mz-30-zastagy-jeldi-basyna-klady.html