RU
Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры 20 млн-нан астам қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры 20 млн-нан астам қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арын Астанада 20 миллионнан астам қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалды деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әділ Арын. Фото: Astana-piramida.kz

Әділ Арын. Фото: Astana-piramida.kz

Мәліметтерге сүйенсек, Әділ Арынды 26 ақпан күні қолға түсірген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

Қылмыстық істің құжаттарында "Пирамиданың" бас директоры ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы мен институттан таныс досы Айдос Исахановпен бірлесе отырып, 2017 жылы Исахановтың туысы болып келетін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға құқығы бар "Astana Art Creative Group" заңды тұлғаны жалған тұлға ретінде тіркеген.

Оларға 20 млн теңгені бір келісімшартпен ғана өз атына тағайындау мүмкіндігі туған.

Жаңа жылдық мереке өткізу жайлы келісімшартқа қол қойылғаннан кейін "Пирамидаға" 130 шаршы метрлік LED-экран қажет болады.

Осы уақытта Исаханов кездейсоқ жағдайда қызметкерлердің бірінің басқа өлшемдегі жеке жабдығының бар екенін біліп қояды. Сондай-ақ оны сарайдың қоймасында сақтағанын да анықтайды.

Исаханов қысқа мерзімде басшыға қажетті экранды алу жайлы хат жолдайды. Содан кейін аталмыш жабдықты 33 млн мен 39 млн аралығында сататын шынайы сатушылардың ұсынысын жинайды.

"Осы кезде "Astana Art Creative Group" пайда болып, қажетті экранды өз бағасынан арзанға ұсынады. Келісімшарт осы компаниямен жасалып, ЖШС 32 778 000 теңгені алады. Ал оның тек 11,5 млн теңгесі өз иесінің қолына тиген.

Ал қалған қаражатты Исаханов пен Әділ Арын бөлісіп алады.

Тексеру барысында экранды сатып алуда қателіктер кеткені анықталды. Мамандар LED-экранды 12 млн теңгеден астамға бағалағаннан кейін тергеу басталған.

Осы уақытта Әділ Арын "Astana Art Creative Group" ЖШС-ның көзін жоюға әрекет етеді. Бұл да тергеу кезінде назардан тыс қалмаған.

Әділ Арынға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 4-бабы 4-бөлігінің 189-бабымен (ірі мөлшерде басқа біреудің мүлкін заңсыз иелену немесе ұрлау) байланысты тергелуде. Ол екі айға қамауға алынды.

Материалды көшіріп басу "Время" басылымының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
8
3
6
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel