Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ұстазынан ұрыс естіген оқушы ауруханада бір-ақ шықты

Опубликовано:

Шымкентте қазақ тілі мұғалімінен сөз естіген алтыншы сынып оқушысы дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы club_dobryakov_shymkent парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды elitar.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: elitar.kz
Фото: elitar.kz: UGC

Келіншектің айтуынша, баласы ұстазының ұрысынан кейін өзін жаман сезініп, ауруханаға түсіп қалған.

"Ол ешбір себепсіз өз айқайымен алтыншы сынып оқушысын жүрек талмасына ұшыратты. Оқушы ауруханаға жатқызылды. Ал ұстаз әлі де кешірім сұраған жоқ. Сынып ішінде қалалық ұлттық білім алу бөлімі өкілінің қатысуымен жүргізілген анонимді сауалнама мұғалімнің балаларды жүйелі түрде кемсітіп, ұрысып тұратынын көрсетті. Бұл бірнеше мәрте қайталанып тұрған жағдай. Менің ұлым зардап шекті" , - деп жазды оқушының анасы.

Білім ордасының басшылығы өз кезегінде ұстаздың оқушыға дауыс көтермегенін айтып ақталды.

Директордың сөзінше, мұғалім бар болғаны баладан үй тапсырмасын не себепті орындамағанын сұраған.

Екі сабақтан соң, оқушы өзін жайсыз сезініп медпунктке жүгінген. Артынан бала асханаға барған.

Мектеп әкімшілігі бұл жайтты оқушының ата-анасына бірден хабарлағанын жеткізді. Алайда, олар өз кезегінде білім басқармасына баланың инфаркт алғанын айтып жүгінген.

"Жедел жәрдеммен қатар мектепке тәртіп сақшылары да келіп жетті. Баланы ауруханаға ауруханаға алып кетті. Ол жерде оған пневмония, немесе бронхит деген дигноз қойса керек" , - деді директор.

Қазіргі таңда, диагноздың нақты қандай екені анықталып жатыр.

Оған қоса, мектеп басшысы 20 жылдық тәжірибесі бар ұстазды жұмыстан шығаруын талап еткен ата-анамен келіспейді. Директор мұғалімнің бәрібір де сөгіс алатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781611-symkentte-stazynan-rys-estigen-okusy-auruhanada-bir-ak-sykty/

pixel