Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық өз қолымен Lamborghini көлігін құрастырып шығарды (видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы Шу ауданының тұрғыны өз қолымен италиялық Lamborghini көлігін құрастырып шықты деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр: Хабар 24
Кадр: Хабар 24: UGC

Бұл көлікті жасап шығару үшін Мейя Тафиков тоғыз жыл жұмсаған. Аса қымбат маркалы көлікті құрастыру барысында ескі көліктердің бөлшектерін қолданған.

Мәселен, ол Lamborghini-ге трактор радиаторын тіркестіріп қойған.

Жамбыл облысының тұрғыны құрастырып шығарған көлік ұялы телефонның көлігімен оталады. Қазіргі таңда, өз қолымен көпшілік арман ететін көлікті жасап шығарған азамат электрониканы жөндеп,көлік ішін ретке келтіруде.

Мейя Тафиковтің айтуынша, оның құрастырып алған спорттық көлігінің көшірмесі көпшілік арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Тіпті, оны сатып алам деушілер де бар болып шыққан.

Әйгілі Lamborghini-дің қазақстандық нұсқасының да өз атауы бар. Оны иесі Фидана деп атаған. Зейнеткер темір тұлпарға әжесінің есімін берген. Әзірге көлік ресми түрде тіркелген жоқ.

"Түбі Honda - оның негізін алып, тігінен қиып тастадым. Кеңірек жасадым. Қалғаны бәрі қолдан жасалған дүние. Мен оны ұшатындай етіп жасағым келді. Қанаттарды мына жағына жасамақ болғанмын. Материалдарды дайындап та қойғам" , - деді өнертапқыш азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781613-kazakstandyk-z-kolymen-lamborghini-kligin-krastyryp-sygardy-video/

pixel