RU
Ақтөбеде бір жыл бойына туған қызын зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде бір жыл бойына туған қызын зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 13 жасар қыздың анасы баласын бір жыл бойына туған әкесі зорлап келгенін айтып, жұртты дүрсілкіндірді. Қазіргі таңда оны полицейлер іздестіріп жатыр деп хабарлайды "Евразия бірінші" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Zoj.kz

Көрнекі фото: Zoj.kz

Ақтөбелік келіншек қызының жақсы оқып, мектептен мүлде қалмайтынын жеткізді. Ол біраз уақытқа дейін қызының туған әкесінен қорлық көріп келгенін білмеген.

Әкесінің зорлық әрекеттері жайлы оқушы қыздың өзі айтып берген.

"Мен үшін бұл үш ұйықтасам ойыма келмеген жайт болды. Қорқынышты түс секілді. Мен мұндайды күтпедім де. Мен ештене көрмедім, естімедім. Әрине мен оны тапқым келеді. Өздігімнен жазалап қайтем, бәрі заң аясында болғанын қалаймын" , - деді қыздың анасы.

Жасөспірімнің анасы тергеу жұмысына біреудің араласуын қаламайтынын айтты.

Оған қоса, қыз баланың жүйке жүйесі қатты зардап шеккендіктен, анасы оның толығымен айығып шығуы үшін барын салып жатыр.

Бүлдіршін оқитын мектеп директоры бұл отбасыға қатысты тек жақсы пікірде болғанын мәлімдеді. Анасы мен әкесі үнемі жиналыстарға келіп тұрған. Қыздың өзі өте ақкөңіл әрі белсенді оқушы болған.

Телеарнаның мәліметіне сәйкесғ оқиғаға қатысы бар күдікті үйінен 26 ақпан күні кетіп қалған. Сол күйі 35 жастағы азаматтан мүлде хабар жоқ.

Қазіргі таңда оны тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Ресми мәлімет бойынша ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз
6
6
13
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel