RU

Астана әуежайының ресми сайтын хакерлер бұғаттап тастады

Үшінші наурызға қараған түні елордалық әуежай серверіне хакерлер шабуыл жасап, ресми сайтты бұғаттап тастады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elheraldo.co
Фото: elheraldo.co: Twitter

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшінші наурыз күні сағат түнгі 00:37 шамасында Астана әуежайы хакерлік шабуылға тап болып, біраз уақытқа істен шығып қалды.

"Сайтты бұғаттамақ болғаны туралы анализ және кибер шабуылдарды зерттеу орталығының WebTotem мониторинг жүйесінің арқасында белгілі болды" , - деді әуежай өкілдері.

Таңғы сағат 10.20-да сайттың жұмысы қалпына келтірілді. Қазіргі таңда, ол іске қосылды, қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл шабуыл тек онлайн-таблоның көрсетілмеуіне әкеп соқтырды. Алайда, әуежай жұмысына ол мүлде кедергі келтірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781616-astana-uezajyny-resmi-sajtyn-hakerler-bgattap-tastady.html