RU
Петропавлда мейрамханадан 200 адам эвакуацияланды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Петропавлда мейрамханадан 200 адам эвакуацияланды

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы мейрамханадан шыққан өрт салдарынан 200 адам эвакуацияланды деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lentachel.ru

Фото: lentachel.ru

CҚО төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Есіл" мейрамханасының жертөлесінен шыққан түтін жайлы хабар түн жарымда келіп түскен. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер шыққан.

Ғимарат ішінен 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олар мейрамхана қонақтары мен қызметкерлері. Құтқарылған адамдар арасында 15 бала бар.

Департамент өкілдері ғимарат ішін басқан түтіннің құдықта өртеніп жатқан қоқыс салдарынан шыққанын жеткізді. Құдық мейрамхана мен көпқабатты ғимараттың ортасында орналасқан.

Абырой болғанда оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel