RU

Бояуды йогуртпен шатастырып алған қария аман қалып, көпті таңғалдырды

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының 90 жастағы тұрғыны бояуды йогуртпен шатастырып алып, аман қалды. Оған қоса, қарияға бояудың дәмі қатты ұнап қалған. Бұл қызық оқиға жайлы азаматтың немересі Алекс Стейн есімді қыз өзінің Twitter парақшасында айтып берген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото © Twitter/alexsteinnn
Фото © Twitter/alexsteinnn: Facebook

Бойжеткеннің айтуынша, атасы йогуртты қатты жақсы көреді. Сол себепті ол Боббиға апта сайын алты жарым литр йогурт әкеп беруге мәжбүр болған.

"Бүгін мен бояуды жеп қойдым. Шын айтса, ол йогуртқа қарағанда әлдеқайда дәмді екен. Мен еш өкінбеймін" , - деді ол.
Фото © Twitter/alexsteinnn
Фото © Twitter/alexsteinnn: Twitter

Йогурттың орнына бояудың дәмін татқан қарт адамның денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Тексеріс жүргізген дәрігерлер оның қалы жақсы екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781623-boaudy-jogurtpen-satastyryp-algan-karia-aman-kalyp-kpti-tagaldyrdy.html