RU

Павлодарда зауыттағы оқыс оқиға салдарынан электрші қаза тапты

Павлодарда зауытта орын алған оқыс оқиға салдарынан электрші арбаның астында қалып, қаза тапты деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Фото: v-dobry-master.ru
Фото: v-dobry-master.ru: Facebook
"Қайғылы жағдай үшінші наурыз күні «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да орын алды. Алюминий электролизі цехының корпусында РТМ-1 кранын орнықтырып жатқан кезде алтыншы разрядтағы электршіні құрал-сайман таситын арба басып кеткен" ,- деп мәлімдеді зауыттың баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем жұмысшыны ажалдан аман алып қалуға қауқарсыз болды.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781631-pavlodarda-zauyttagy-okys-okiga-saldarynan-elektrsi-kaza-tapty.html