Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар өзіне балағат сөздер жазған оқырманын орнына қойды (фото)

Опубликовано:

Тамара Асар сырттай ғана иманды болып көрініп, шын мәнінде балағат сөздер жаудыратын оқырмандарды сөгіп тастады. Әнші өзінің суретінің астына керағар пікір жазған келіншекті бүкіл елге масқара қылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар өзіне балағат пікір қалдырған оқырманын орнына қойды. Ол өзіне керағар сөздер жазған жандардың парақшаларынан иманды жазбаларды көріп қатты таңғалған. Оларға қатысты ойымен жұлдыз Instagram парақшасында бөліскен.

"Мадина Дильназ үшеуіміздің кешегі фотомыздың астына небір комменттер жазыпсыздар. Ақтарыңыздан жарылып мақтау да, ұнатпайтындардың қисық сөзбен даттауын да оқыдым. Көп-көп раxмет. Сәтті шыққан фото,маған да ұнады.
Парақшасын ашқандағы авасына әп-әдемі "МашаАлла" деген сөзді жазған келіншек фотошоп ... " біртүрлілеу оқылды. Құрметті оқырман: менің еш ренішім жоқ. Осы адамдар өздерінің сөздеріне сырттан отырып, көз салса екен деген ой бар менде. Ал сіздің ой қандай?" , - деп жазған ашуға булыққан әнші.

Желі оқырмандарының көпшілігі әншінің айтқанымен қосылып, иманды болып көрінгісі келетіндерді сынға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781632-tamara-asar-zine-balagat-szder-zazgan-okyrmanyn-ornyna-kojdy-foto/

pixel