RU
Төртінші наурызға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Төртінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Жаңа жобаны бастап, маңызды келісімшарттарға қол қою үшін қолайлы күн. Қаржы мәселелері де оңтайлы шешіледі. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ төртінші наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Төртінші наурызға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото:uduba.com

1. Тоқты

Бүгінгі күнді күлімдеп өткізіңіз. Жаңа идеяларды іздеуде серіктестер табасыз, жеке өміріңізде үйлесімділік пайда болады. Шынайы сезімдеріңізді білдіріп, қандай жағдай болмасын, өзіңізге адал болыңыз. Энергияңызды арттыру керек болса, спортпен шұғылданыңыз.

2. Торпақ

Бүгін көпшіліктің назары сізде болады. Сүйіктіңіз бар болса, бұл қызғаныш тудыруы мүмкін. Ал жалғыз болсаңыз, мұндай артықшылықты игілігіңізге пайдаланыңыз. Қаржы және кәсіби істерде абай болыңыз. Идеяларыңызбен бөліспеңіз және қажетсіз заттар алмаңыз.

3. Егіздер

Бәлкім, өзіңізге тансық істермен айналысасыз. Бұрын қорқып, батылыңыз бармаған қадамдарға баруыңыз ықтимал. Бүгінгі күн көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Қаржылық жағдайды жақсартудың мүмкіндігі пайда болады.

4. Шаян

Досыңызға немесе әріптесіңізге көмектескіңіз келсе де, біреудің жауапкершілігін өз мойныңызға артпаңыз. Мүмкіндіктеріңізді бағалап, жоспарларыңызды орындаңыз. Бүгін айтылған кез келген кеңеске мән беріңіз.

5. Арыстан

Бүгін жеке өміріңізге қатысты жақсы идеялар туындайды, оларды жүзеге асыру керек. Мансабыңыз бен кәсібіңізге қатысты шаруаларды ойдан шығармаңыз. Өміріңізге өзгеріс енгізетін шешім қабылдауыңыз мүмкін.

6. Бикеш

Бұл күн бір сарынды өтеді. Өткен аптадан еш өзгешелігі болмайды. Жабыраңқы көңіл-күйге түспес үшін қызықты кітап оқыңыз, досыңызбен кездесіңіз.

7. Таразы

Бұл дүйсенбі жұмыс іздеуге немесе қаржы мәселелерін шешуге арналмаған. Бүгін сезімдеріңізді ретке келтіру керек. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Бейтаныс адамдардың сөздеріне сенбеңіз.

8. Сарышаян

Бүгін ойларыңызбен бөлісіп, өзіңізді түсінетін адам тапқыңыз келеді. Қаржы немесе шығармашылыққа қатысты идеялар туындайды. Оны жүзеге асыру үшін достарыңыздың көмегі қажет болады.

9. Мерген

Бүгін достарыңыз, туыстарыңыз, әріптестеріңіз сізге қолдау көрсетеді. Бірақ шығармашылық мәселесінде тек өзіңізге сеніңіз. Басқалардың идеялары шабытыңыздан айыруы мүмкін. Жұмыс іздеп жүрсеңіз, әңгімелесуге барып, біліктілігіңізді көрсету үшін қолайлы күн.

10. Тауешкі

Бүгін қуатыңызды басқаның мәселесін шешуге жұмсамаңыз. Жұмысыңызға және жеке өміріңізге кедергі келтіретін нәрсенің бәріне мән бермеңіз. Кешке туыстарыңыздың жағдайын сұрап қайтыңыз, балалармен серуендеу үшін өте қолайлы уақыт.

11. Суқұйғыш

Бүгін батылдығыңызды көрсететін күн. Пысық әріптестеріңіздің көлеңкесінен шығыңыз. Кәсібіңізге қатысты идеяларыңызбен бөлісуге қорықпаңыз. Жеке мәселелерді шешуге бар күшіңізді салыңыз.

12. Балықтар

Бүгін сізді қосымша жұмыстар мазалайды. Әріптесіңізді алмастырып, бала қарап, егде жастағы туысыңызға қамқорлық көрсетуіңіз ықтимал. Бұл ісіңіз үшін алғыс аласыз. Жаңа таныстық махаббатқа ұласуы мүмкін. Сүйіктіңіз болса, сезімдеріңіз жандануы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel