RU

"Келіндер сайысы": Тек қана ақ орамал таққан бір топ келін жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде бір жиында бас қосқан келіндердің видеосы тарап кетті. Ең қызығы, олардың барлығы тек қана ақ орамал таққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Getty Images

Бейнежазбаның қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз.

Алайда, ақ орамал тағып, тек қана әйелдер жиналған отырысқа кіріп келген келіндер жұрттың көңілінен шыққан.

Олар қазақы әуеннің сүйемелдеуімен бой көрсетіпті.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары келіншектерді мақтай жөнелген.

"Қандай керемет, бір жалаңбас әйел жоқ", "Қандай әдемі", "Маңғыстауда ғой", "Бұл қандай салт?", "Мен әйелмін - әлемнің анасымын" атты келіндер сайысы ғой", "Қандай жарасымды, қазақтың келіндері", -деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781670-kelinder-sajysy-tek-kana-ak-oramal-takkan-bir-top-kelin-zrtty-tagaldyrdy.html