RU
Ақтөбе дәрігерлері жадынан айырылған науқастың туыстарын іздеп жатыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе дәрігерлері жадынан айырылған науқастың туыстарын іздеп жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жадынан айырылған 30 жастағы ер адамның туыстарын іздестіруде. Ер адам кім екенін, неше жаста және осы уақытқа дейін немен айналысқанын білмейді. Бұл туралы "Рика" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе дәрігерлері жадынан айырылған науқастың туыстарын іздеп жатыр

Фото: Видеодан скриншот

Ер адам ауруханаға өткен жылдың желтоқсан айында түскен. Дәрігерлер осы уақытқа дейін оның аты-жөні мен тегін ғана анықтаған. Олардың сөзінше, науқас - Тимур Бақытов. Жасы 30-да. Ол Ақтөбе көшелерін кезіп жүрген.

Екі жыл бұрын Тимурға күрделі операция жасалып, екі аяғы да кесілген екен. Осы қыста ол тағы да үсікпен түскен.

Ақ халаттылар жігіттің аты-жөні Ембі қаласының емханасының мәліметтер базасынан өткенін анықтаған. Онда хабарласқан олар, Тимурдың жақында ғана Жем қаласының колониясында жазасын өтегені жайында ақпарат алған.

"Науқасқа қатысты ақпарат жоқ. Жігіттің өзі өте тұйық, ештеңе айтпайды. Көмек сұрап отырмыз. Оны танығандар болса, көрсетілген нөмірге хабарласуды сұраймыз", - деді невропатолог дәрігер Дина Түкешева.

Бүгінгі таңда науқастың ем-шаралары аяқталған. Дәрігерлер оның жақындарын іздеуде. Егер ешкім іздеп келмесе, оны мүгедектер үйіне жөнелтеді.

Науқасты танығандар болса, 8(7132) 56 49 75 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel