Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" пен "Астана" матчының соңы төбелеспен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Алматы орталық стадионында суперкубок үшін таласқан "Қайрат" пен "Астана" клубтары матчының соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қайрат" пен "Астана" матчының соңы төбелеспен аяқталды (видео)
Коллаж: Видеодан скриншот: Facebook

Кеше Алматы орталық стадионында "Қайрат" пен "Астана" футбол клубтары суперкубок үшін кездескен болатын.

Ойында "Астана" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда матч соңы төбелеспен аяқталған.

Видео Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланған. Онда жігіттердің жаға жыртысып, бір-біріне балағат сөздер айтып жатқанын көруге болады.

"Футбол матчын полиция қызметкерлері бақылап жүрді. Сол кезде орталық стадионда жастар арасында өзара жанжал шыққан. Полиция оларды ажыратып, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді. Кейін жастармен қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1781705-kajrat-pen-astana-matcyny-soy-tbelespen-aaktaldy-video/

pixel