RU
Димаш Құдайберген 8 наурызға тосын сый дайындап жатыр (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген 8 наурызға тосын сый дайындап жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген көпшілікке 8 наурызға әзірлеп жатқан тосын сыйы жайлы айтты. Әнші тыңдармандарына көптен күткен бейнебаянды ұсынбақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында мәлім еткен.

"8 наурызға менен кішігірім тосын сый", - деген әнші клиптен үзінді жариялады.

Айта кетейік, әнші Американың "The World’s Best" байқауына қатысуда. Осы орайда Димаш "Любовь уставшей лебеди" әніне Алан Бодаевтың қолдауымен клип түсіріп жатыр.

Ал желі қолданушылары әншінің бейнебаянын асыға күтіп жүргендерін жарыса жеткізді.

"Осы клипті күтіп жүрміз", "Тезірек 8 наурыз болса екен", "Мерекеге керемет сыйлық болғалы тұр", "Жарайсыз", "Өнеріңіз өркендей берсін", "Әлемнің түпкір-түпкіріндегі тыңдармандарыңыз риза болып қалады".
"Өте керемет", "Мына үзіндінің өзі баурап алды", "Клипке өзіңіз түскеніңіз жақсы болды" деп жылы лебізін білдірді желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген 29 маусым күні Астана қаласында жеке кешін өткізбек. Әншінің концертіне арналған билеттер құны 500 теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel