RU
Канадалық шаңғышы өзінің медалін ұрлаған Полторанинді сөгіп тастады
Жаңалықтар Спорт

Канадалық шаңғышы өзінің медалін ұрлаған Полторанинді сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Шаңғы марафонынан 2017 жылғы әлем чемпионы, канадалық шаңғышы Алекс Харви Зеефельдтегі допинг-дауға пікір білдірді. Спортшының сөзінше, Полторанин оның медалін ұрлап алған деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Допинг-жанжалға қалған Полторанинді канадалық шаңғышы медалін ұрлады деп айыптады

Коллаж:wikipedia.org/Sport.ua

Австрияның Зеефельд қаласында өткен әлем чемпионатында бірнеше спортшы допинг қолданғаны үшін ұсталды.

Олардың арасында қазақстандық Алексей Полторанин де бар.

Осы оқиғаға қатысты 2017 жылғы әлем чемпионы Алекс Харви пікір білдірді.

"Ол менің медалімді ұрлап алды. Тағы да ұрлауы мүмкін еді. Допинг қолданған шаңғышылар бізді медальсіз қалдырғаны өкінішті", - дейді Харви Полторанин жайында.

Сондай-ақ спортшы бұл жағдайдың спорт үшін ұят нәрсе екенін айтты. Допинг қолданған спортшыларды FIS немесе WADA ұйымдарының өкілдері емес, полиция анықтағанына алаңдаушылық білдірді.

Басылымның пайымдауынша, Харвидің айтып отырған ұрланған медалі 2013 жылы Валь-ди-Фьеммде өткен әлем чемпионаты кезіндегі қола жүлде болса керек. Сол жолы Харви төртінші болып келген.

Еске сала кетейік, Австрияда өтіп жатқан шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінді.

Оның арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де болған. Алексей Полторанин допинг дауына байланысты жарыстан шеттетілген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel