RU
Ақтөбеде көшеде шемішкі шаққан студентті полиция қамап тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде көшеде шемішкі шаққан студентті полиция қамап тастаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік тұрғын студент баласын полиция бір сағаттан бері қамауда ұстап отырғанын айтып көмек сұрады. Тұрғынның айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері студентті көшеде жұлқылап, күртесін жыртып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: Sputnik Қазақстан

фото: Sputnik Қазақстан

"Баламды көшеде кетіп бара жатқан кезде полиция ұстап алған. Ол көшеде шемішкі шағыпты. Мен айыппұлын жазып, сабағына жіберуін сұрадым. Сол жерде жұлқылап, күртесін жыртып, №3 полиция бөлімшесіне алып келді", - деді студенттің анасы Шынар Сатаева.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары баласына орынсыз сұрақтар қойып, бір сағаттай тергеген.

Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған студентті ұстап, хаттама толтырмақшы болды. Сол уақытта студент тәртіпке бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге талпынды. Құқық қорғау қызметкерлері оны бөлімшеге алып келіп, бір сағаттай тергеді. Хаттама толтырды", - деді баспасөз қызметінің ресми өкілі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз
17
2
2
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel