RU
Жүрсін Ерман домбыраны "харам" санайтын ақындардың бетпердесін ашты
Жаңалықтар Қоғам

Жүрсін Ерман домбыраны "харам" санайтын ақындардың бетпердесін ашты

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақ ақыны, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман елімізде жік-жікке бөлініп, домбыраны "харам" деп санайтын ақындардың бар екендігін ашып айтты деп хабарлайды Dalanews.

Оның айтуынша, қоғамда кеңінен белең алған діни секталар айтысқа да керіс әсерін тигізуде.

"Қазақстанда айтысып жүрген 300-дей ақынды білеміз. Соның ішінде әртүрлі ағымдағылары бар", - деді Жүрсін Ерман.

Айтыс жанашыры айтысты "харам" деп санайтындарды сөз өнерінен шеттеткенін жеткізді.

"Айтысқа солардың кесірі тиді. Оларды айтыстан шеттеттік. Себебі, біз айтысты діни саясаттың қолжаулығы ете алмаймыз. Сөйтіп, қазір өздерінің дұрыс жолға түспегендерін сезгендер өлеңге қайтып келіп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, соңғы айда айтыстан алыстап кеткен Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан сияқты ақындар қатарға қосылғанын алға тартты.

"Міне, осындай уақытша жіктелу болды. "Ондай болған жоқ" деп жауырды жаба тоқи алмаймын. Бірақ "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деген ғой.
Биыл сол ақындар үлкен айтыстарға қатысады. Ақынның сөзі – Құдайдың сыйы, халықтың қазынасы. Біз сол үшін күрестік. Оң нәтижесін беруде", - деп сөзін қорытындылады Жүрсін Ерман.

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
2
2
51
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel