RU
"Мадуро Нұрлан Байділдәнің қорында ақша сақтап жүр": СІМ ресми мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Мадуро Нұрлан Байділдәнің қорында ақша сақтап жүр": СІМ ресми мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі Венесуэла президенті Николас Мадуро қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Байділдәнің қорында ақшасын сақтап жүргені туралы ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz, Instagram Коллаж: NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz, Instagram Коллаж: NUR.KZ.

Өткен аптада Bloomberg басылымы жариялаған мақала көпшілік арасында қызу талқыланып, нағыз шу шығарды.

Материалда венесуэлалық президент Николас Мадуро өз қаржысын қазақстандық кәсіпкердің Nurlan Baidilda Ltd атты қорында сақтап жүргені жазылған.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов бұл ақпарат шындыққа жанаспауы мүмкін екенін айтты.

"Бұл тарап кеткен ақпарат жалған болып шығуы мүмкін. Ол жайлы біз білмеппіз де. Оны тіпті тексеру де мүмкін емес. Бұл адамның кім және қайдан екені мүлде түсініксіз" , - деді Sputnik Казахстанға сұхбат берген министр.

Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев болса NUR.KZ-ке Нұрлан Байділдәнің Ресей федерациясының азаматы екенін жеткізді.

"Біз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз мұндай адам бар екенін білеміз. Алайда, Bloomberg басылымы таратқан ақпараттың рас-өтірігін нақты айта алмаймыз" , - деді ол.

Оған қоса, Ашықбаев қазақстандық кәсіпкердің екі азаматтығы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel