RU
Қайрат Құдайберген тұрмысы төмен отбасыларға 7 млн теңге аударды
Жаңалықтар Қоғам

Қайрат Құдайберген тұрмысы төмен отбасыларға 7 млн теңге аударды

Рассказать Вконтакте

Алматылық танымал депутат Қайрат Құдайберген "Бақытты отбасы" челленджін бастап, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға 7 миллион теңге ақшалай көмек көрсетті деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Бизнесмен әрі қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген өзі сынды кәсіпкерлерді табысы төмен, көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды.

Қайрат Құдайберген өзінің де тұрмысы төмен отбасында өскенін есіне алған.

"Мен бұл челленджді әрмен қарай өзімнің кәсіпкер әріптестерім Арманжан Байтасовқа, Серік Түлкібасовқа, Гүлмира Толғанбаеваға, Дулат Тастекеевке және Алмас Әбдіғаппаровқа жолдаймын. Сіздерді де көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруге шақырамын", - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген.

Айта кетейік, ізгі істі қолға алған меценаттың өзі бірінші болып қорға 7 миллион теңге қаражат аударған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
62
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel