RU
Үндістандағы қазақстандық азаматтардың барлығы елге оралды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Үндістандағы қазақстандық азаматтардың барлығы елге оралды

Рассказать Вконтакте

Үндістан мен Пәкістан арасындағы кикілжіңге байланысты үнді елінен шыға алмай отырған отандастар өткен демалыс күндері елге оралды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістаннан ұша алмай жүрген отандастар 1-2 наурыз күндері елге оралды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Air Astana компаниясы әуе рейсін штаттық тәртіпте 4 наурызда жалғастырады.

"Біздің азаматтар кесте бойынша сапарлап жатыр. БАҚ-та 300-ден астам жолаушы туралы ақпарат тараған еді, бірақ оның ішінде тек 68-і Қазақстан азаматы", - деді ол.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын.

28 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына Делиден ұшып келген әуе көлігі қонды.

Делидегі Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев 200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отырғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel