RU
Ерлан Сағадиев: Шетелге кеткенше мектепте оқитын балаларыма қараймын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ерлан Сағадиев: Шетелге кеткенше мектепте оқитын балаларыма қараймын

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы білім мен ғылым министрі Ерлан Сағадиев өзінің болашаққа жоспары жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Bilim-all

Фото: Bilim-all

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Сағадиевтің шетелге кетейін деп жатқаны жайлы ақпарат тараған болатын.

"Мен келесі жылға дейін өз шаруаларыммен айналысуды жоспарлап отырмын. 2020 жылы менің Гарвардтағы оқуым басталады. Мен оны соңына дейін оқып бітпедім. Оған дейін, үй шаруасын ретке келтірсем деп отырмын. Мектепте оқитын балаларыммен айналысамын" , - деп өз жоспарымен бөлісті экс-министр.

Оған қоса, ол өз орнын басқан Күләш Шәмшидиноваға қатысты пікір білдірді.

"Ол маған қарағанда білім саласын жақсы біледі деп ойлаймын. Ол бүгінде мектеп жүйесінің негізіне айналған Назарбаев мектептерінің бастауында болған адам. Қажет болса, мен өз көмегімді беруге қашан да дайынмын" , - деп толықтырды Сағадиев.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel