RU
Бейбіт Атамқұлов Қытай қазақтарының қазіргі жағдайы жайлы мәлім етті
Жаңалықтар Қоғам

Бейбіт Атамқұлов Қытай қазақтарының қазіргі жағдайы жайлы мәлім етті

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мәжілістегі үкімет сағатында Қытайдағы қазақтардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Атамқұлов. Фото: today.kz

Бейбіт Атамқұлов. Фото: today.kz

"Сіздер білесіздер ме? Қазіргі уақытта Қытайдағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігі жайлы қоғамда қызу талқы жүріп жатыр. Сіздің өзіңіз бұл жағдайдан хабардарсыз деп ойлаймын. "Сіздерде Қытайдың түзету лагерлеріндегі отандастар туралы қандай ақпарат бар? Оларды жазықсыз айыптан босату үшін қандай шара қолданасыздар? Арнайы бағдарламалар бар ма?", - деп сұрақ қойды мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов.

Ал бұл сұраққа жауап берген Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қазіргі таңда Қытайда 1,5 млн қазақ өмір сүруде.

Аталмыш лагерлерге отандық дипломаттар мен тәуелсіз сарапшылар барып қайтқан.

"Өкінішке орай, бұл қысым тек қазақтарға ғана көрсетіліп жатқан жоқ. Қытай азаматтығы бар қазақтар (ред: Синьцзян лагеріндегі қазақтар) саны ол жерде болған біздің отандастарымыздың жалпы санынан 80% пайызға қысқарды.
Біз қазір үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл тек СІМ-ге ғана қатысты емес. Бұл істе басқа да мемлекеттік органдар жұмыс істеуде", - деді Сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ, Атамқұловтың айтуынша, күніне Қытайдағы қандастарымыз жайлы бірнеше мәлімет келіп түседі екен. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

"Өткен жылы 2,5 мың қандастарымыз Қазақстанға оралуға рұқсат алды. Ал биыл қос азаматтық алған 33 адам Қытай түрмесіне қамалған. "Дипломатиялық жұмыстардың нәтижесінде 23 адам елге қайтарылды.
Біздің министрлікке Қытайдағы түзету мекемесінде жатқан мыңнан аса азаматтан өтініш келіп түсті. Біз осы өтініштермен жеке жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені әр адамның тағдыры әр түрлі", - деді Атамқұлов.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
12
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel